Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өңірде электронды түрде салық тапсырғандар көбейді

Биыл облыста 12 мыңнан астам заңды тұлға мен 776 мың аса жеке тұлға, оның ішінде 47 852 дара кәсіпкер тіркелген. Сондай-ақ, 122 872 тұлғаға мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның 122 598 электронды түрде, 99,8 пайызы қағаз түрінде жүзеге асты. 
Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Бекшин хабарлады. 
- Өңірде салық төлеушілердің 99,7 пайызы электронды түрде салықтық есептіліктерін тапсырған, ал қағаз түрінде 0,3 пайызды құрады. Электрондық қызметтердің көбеюі сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың маңызды аспектісі болып табылады. Халықаралық стандарттарға сәйкес мүгедектігі бар азаматтарға арналған электронды басқару жүйесінің мәзіріне «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар»  деген қызмет түрі қосылды. Сонымен бірге, салық төлемдерін төлеу үшін аумақтық кірістер басқармаларында «Халық банкі» және «Казпошта» АҚ бөлімшелерінің кассалары жұмыс істейді, - деді Қуаныш Бекшин.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: