Қазалы ауданында 2016 жылды қорытындылауға арналған салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Мешін жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
«Тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық жетістігінде қасиеттi Қазалы өңiрiнiң еңбексүйгiш, ұйымшыл, қонақжай халқының да үлесі бар. Ауылшаруашылығында, кәсіпкерлікте, әлеуметтік салада біз күрделі мәселелердің шешу жолдарын бірге іздедік және тауып отырдық. Бұл – біздің айтулы бірлескен еңбек жеңісіміз. Алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Олар да міндетті түрде орындалады және жаңа 2017 жыл да жарқын келешекке бастайтынына нық сенімдімін» - деген аудан басшысы ортақ істе әрбір қазалылықтың еңбегі бар екендігін ерекше атап өтті.
Салтанатты кеште жылдың нәтижелі болуына үлес қосқан «Жыл үздіктері» түрлі номинациялар бойынша марапатталды.