Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОҚУШЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ОҚУШЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

 

Жалағаш кентіндегі №31, №202 орта мектептерінде оқушы жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында «Жалынды жастықтың алауы» атты әлеуметтік-психологиялық семинар өткізілді. 
Аталмыш шараны өткізуге Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімшесі ұйтқы болды. 
Семинарды Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының психологы Жолаханова Келбет Күншығарқызы жүргізіп, жастарға әлеуметтік-психологиялық бағытта ақпараттар берді. Семинарға қатысқан жастар өздерінің сауалдарына толықтай жауап ала алды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: