Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарында болды.
Атап айтқанда, Қарауылтөбе ауылдық округінде кәсіпкер Досхан Жүнісовтің 2 млрд. теңгеге жуық қаржысына салынған ауылшаруашылық кешенінің жұмысымен танысты.
Бұл кешен, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр және 6 гектарды алып жатқан бұл аумақта мал бордақылау алаңы, өнімділігі жылына 500 тонна құс етін өндіретін 800-1000 бас аралығындағы тауық фирмасы, мал сою пункті (жылына ангус тұқымды сиыр етінен 1000 тонна етті экспортқа шығару), жылына 20 тонна шұжық өнімдерін дайындайтын цех, жылыжай (өнімдері қараша айынан бастап сауда-саттыққа шығуда) орналасқан.