Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Талайды таңырқатқан Шамшат жырау

Тұңғыш Президент- Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"," Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына орай Қармақшы ауданы Төребай би ауылдық клубы КМҚК-ң ұйымдастыруымен Шамшат Төлепованың 90жылдығына арнап "Талайды таңырқатқан Шамшат жырау" атты жыр кешін ұйымдастырды.
Жыр кешінің басты мақсаты-телегей теңіз рухани азық боларлық асыл мұраларды тереңірек зерттеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Жастарға Сыр сүлейі, жыр дүлділі Шамшат апамыздың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Сондай-ақ өңіріміздегі жыршылық дәстүрді жалғастырушы жыраулар есімін ұлықтап, мәдени мұрамызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жыр кешіне арнайы ауданнан қонақтар: Сыр сүлейлері Жиенбай,Рүстембек жыраулардың ұрпағы, жырау, "Ерен" еңбегі медалінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бидас Рүстембеков ағамыз, бірнеше Республикалық байқаулардың жеңімпазы Айгерім Ешбаева өз шәкірті Амантай Айдана және аудандық жыраулар үйінің "Базар жырау" үйірмесінің жетекшісі Руслан Қарабисенов келіп,ауыл тұрғындарын қара домбыраның үнімен күй күмбірлетіп, жыраулардың жырларын жырлап ауыл қарттарының құрышын қандырды.Жыр кешінің алғы сөзін ауыл әкімінің міндетін уақытша атшарушы Өтегенова Шолпан апай сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Мектеп оқушылары Шамшат апамызға арнап өлең шумақтарын оқыды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: