Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАҚСТАН - ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ МЕМЛЕКЕТ

ҚАЗАҚСТАН - ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ МЕМЛЕКЕТЖалағаш ауданында Семей полигонының жабылуының 25 жылдығына орай «Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет» тақырыбында кездесу өтті. 
Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ардагерлердің ерлігіне тоқталып, қазақ тариxындағы қырық жылға созылған ядролық сынақ полигонының зардабын жоюға қатысқаны үшін аға буынға алғысын білдірді. Сонымен қатар аудандық "Невада - Семей" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұматай Серікұлы Жалағаштан қатысқандардан қазіргі таңда 100 ардагер қалғанын  айтып өтті. 
Ал, қалған ардагерлердің құжаттарына РФ тарапынан керек құжаттың болмауы себебінен аталмыш көмекті ала алмай келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, ардагерлер полигон зардаптарын және өзге де ұсыныс-пікірлерін айтты. Шара барысында ардагерлерге аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың Алғысы табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: