Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлік және туризм басқармасына басшысы тағайындалды

Кәсіпкерлік және туризм басқармасына басшысы тағайындалдыОблыс әкімінің 2015 жылғы 4 маусымдағы өкімімен Төлебаев Мирас Қалиұлы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Төлебаев Мирас Қалиұлы 1986 жылы Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін - «экономист», Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін - «мұнай-газ ісі», ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын - «мемлекеттік және жергілікті басқару», Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін - «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ-ның корпоративтік даму және стратегиялық талдау департаментінің бас маманы ретінде бастап, 2009-2010 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ бас менеджері, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ бас сарапшысы, 2010-2011 жылдары - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінің бірінші санатты сарапшысы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің сарапшысы, 2011-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ саласындағы мемлекеттік инспекциялау комитетінің бас сарапшысы лауазымдарын атқарды.
2014 жылдың маусым айынан Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: