«Қайсар» командасының ойыншылары әрдайым жабырқағанның жанынан табылып, қамқорлық танытуға көңіл бөліп жүреді. Осындай жанашырлық пейілмен олар жақында Тұрар Серікұлы Өмірзақ есімді өреннің үйіне барды.
«Кішкентай Тұрардың үйінде қонақта болдық. Қолдан келгенше ем алуына көмек жасап, естелік сыйлықтар жасадық. Ем болсын, Тұраржан!» деп жазады команданың facebook парақшасында.
Бұл шараға барғандар қатарында Руслан Сақалбаев, Нұржарық Құнов, Матиц Марушко секілді футболшылар бар.