Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті мен елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биылдың өзінде Қазалы қаласы көгілдір отынға қосылып, тұрғындар табиғи газдың игілігін көруде.
Қазіргі таңда аудан орталығына жақын орналасқан Жалаңтөс батыр, Қ.Пірімов, Басықара ауылдарына табиғи газ тарту жұмыстары аяқталуға жақын.
Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалған жоқ. Бүгінде аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Абай ауылын газдандыру үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауына енгізілді.
Сонымен қатар, «Бірлестік» ЖШС демеушілік есебінен «Ақтан батыр ауылының орамішілік газ құбырын салу» жобасын дайындауда.
Жобалаушы мекеме дайындаған жоба-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптама қарауынан шыққаннан кейін құрылысты қаржыландыруға ұсынылатын болады.