Шиелі ауданы тұрғындары түрлі аң-құстары бар зоопарк қызметін тамашалап отыр.
Онда африкалық арыстандар, қара ілбісіндер, қабыландар, жолбарыстар, қара, қоңыр аюлар, қызыл, қара, сұр қасқырлар, явандық, жапондық маймылдар, бүркіттер, лашындар, түйеқұстар, грифтер, үкілер, ақбас құшай, тағылан түйе, марал, шотландық понилар, күзен, тау қойы, тауыс құсы секілді күнделікті өмірімізде кездесе бермейтін аңдар бар.
Аудан тұрғындарына қуаныш сыйлаған еліміздің Қарағанды облысынан келген мамандар екен. Ауданға екі апталық іс-сапармен келген қонақтар халыққа барынша қызметтерін көрсетіп бағуда.