Қызылордада Сенат депутаттығына 3 кандидат тіркелді
Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.
Үміткерлердің арасында мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері - мәслихат депутаты, саяси және мемлекеттік қызметші бар. Олардың орташа жасы шамамен - 54.
- Өңірден «Қазсушаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекеменің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жорабек Нұрымбетов пен облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов тіркелді. ҚР Парламенті Сенаты депуттарының сайлауы 14 қаңтар күні өтеді. Сондай-ақ Сенатқа кімнің баратынын, облыстағы 147 мәслихат депутаты дауыс беру арқылы таңдауларын жасайды. Бүгінде облыстық сайлау комиссиясына өтініштер мен шағымдар келіп түскен жоқ,- деді Ғалым Қонақбайұлы.
Айта кетейік,сайлау алдындағы үгіт жұмыстары 13 қаңтар сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Сәйкесінше, 13 қаңтар тыныштық күні.