Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Үш жақты меморандумға отырды

Қызылорда облысының дін істері басқармасының бастамасымен бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас оқу ғимаратында «Қызылорда облысының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға отырды. 
Бұл Қызылорда облысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты оңтайлы жүзеге асыру және осы саладағы ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және тағы басқа өзара әрекеттестікті дамыту мақсатында қолға алынып отыр. 
Меморандум аясында мемлекеттік дін саясатын жүргізуші мамандардың, оның ішінде теологтардың, имамдардың, ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін, коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында бірлескен оқу курстарын, семинар-тренингтерін, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының субъектілерінің ақпараттық әсер ету технологияларындағы кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, жүргізілетін профилактикалық жұмыстарда пайдаланылатын әдістемелік құралдар мен тәсілдердің мазмұндық, талдамалық сапасын арттыруға бірлескен ұсынымдар мен құралдар әзірлеу, қоғам өкілдерімен байланыс барысында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету жұмыстары жүргізілетін болады. 
Меморандум алдағы 3 жылға жоспарланды.
 Шараға меморандумға қол қоюшы тараптар, облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, университеттің профессор-оқытушылық құрамы, облыстық дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының  қызметкерлері қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: