ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, әлеуметтану ғылымының докторы Сәдуақасова Айгүл Кәкімбекқызы Сырдария ауданында ҮЕҰ мүшелерімен және өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізді.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен тікелей айналысатын ҚР Президенті жанындағы орталықтың басшысы А.Сәдуақасова Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Тереңөзек кентінде ашылған «Достық үйін» аралап, жұмысымен танысты. Достық үйінде орналасқан «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, «Сырдария» қорының, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының, «Тереңөзек кенті» ардагерлер кеңесінің, орталық кітапхана жүйесінің филиалының, «Мирас» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Сырдария жастары» қоғамдық бірлестігінің, аудандық Ардагерлер кеңесінің, «Сырдария әйелдері» қоғамдық бірлестігінің, «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық ұйымының жұмысын көрді. Кездесуді қорытқан әлеуметтану ғылымының докторы Айгүл Кәкімбекқызы ауданның даму деңгейіне жоғары баға беріп, ҮЕҰ мүшелерінің жұмысына табыс тіледі.