Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қорқыт ата әуежайы халықаралық мәртебе алды

Қорқыт ата әуежайы халықаралық мәртебе алдыҚызылорда әуежайы халықаралық мәртебеге ие болды. Бұл туралы сәрсенбі күні облыс әкімдігінің баспасөз орталығында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов пен «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ-ның бас директоры Сайлау Жаналин журналистерге ресми түрде мәлімдеді.
Қазіргі әуежай сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетеді. Алайда, бұл заманауи және халықаралық талаптарға сәйкес келе бермейді. Соның салдарынан қызылордалық жолаушылар шетелдерге еліміздің өзге үлкен қалаларына, атап айтқанда Алматы, Астана, Ақтау қалаларына барып, сол арқылы ғана шығып жүрді. Әуежайдың «халықаралық» мәртебесінің болмауына байланысты аймақтың мұнай және газ кластерінің инвесторларына авиациялық жүк тасымалдарын ыңғайлы және жедел түрде тасымалдау үшін қолайсыздық туғызып отыр.
Оның мәлімдеуінше, осыдан 2 жыл бұрын әуежайдың ұшу-қону алаңдары жаңғыртылып, ауыр әуе көліктерінің барлық түрін қабылдауға мүмкіндік туды. Алайда бұл да жеткіліксіз. Әуежай халықаралық мәртебеге сай болуы үшін терминал ғимараты бүгінгі күн талабына толық сәйкес келуі тиіс. Сол себепті, жаңа әуежай терминалы салынып жатыр, құрылысы келесі жылы аяқталмақ. Алдағы уақытта халықаралық үлгідегі әуежай сағатына 250 жолаушыға қызмет көрсетеді.
Халықаралық әуежайдың қызметтік ережесін, кеден, шекара, санитарлық қадағалау және басқа да қызметтері, сондай-ақ штаттық бірліктерді қаржыландыру мәселелерін күн тәртібіне қойылды. Содан кейін әуе компанияларымен – AIR ASTANA, SKAT, INVESTAVIA (Қазақстан), TRANSAVIA (Россия), PEGASUS (Түркия), EST AIR (Тәжікстан) және Қазақстандағы барлық тураганттіктермен алдын ала келісім шарттар жасалатын болады. Осы жылдың аяғы мен келесі жылдың басынан бастап Стамбул, Мәскеу, Пекин қалаларына тұрақты рейстер ұшыруды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек Үрімші, Дубай бағыттары бойынша әуе кемесін ұшыруға қызығушылық танытып отырған турагенттіктері бар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: