Ағымдағы жылы облыс бойынша барлығы 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 93,1 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,5 мың гектар.
![]()
Үкіметпен бекітілген Жол картасына сәйкес ағымдағы жылы 80,9 мың гектар жерге күріш дақылы егіліп, суға бастырылды.
Облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті тұрғындарды өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, 2025 жылы облыс бойынша барлығы 5,1 мың отбасына ұжымдық түрде бақша егуге қосымша 3,3 мың гектар(картоп - 866 га, көкөніс - 885 га, бақша дақылы - 1550 га) жер дайындалып, бүгінгі күнге 3 300 га дақылдар толығымен егілді (картоп - 802 га, көкөніс - 960 га, бақша дақылы – 1 538 га) (2024 жылы барлығы – 3179 га, оның ішінде картоп –917 га, көкөніс – 817 га, бақша – 1446 га).
Ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін өткен жылдың күз айларында 4,3 мың гектар күздік бидай егуді және 50,4 мың гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етті.
Ерте егілетін дақылдардан бүгінгі күні 5 362 гектар мақсары, 5 281 гектар жаздық бидай, 22 372 гектар жаңа жоңышқа, 290 гектар арпа, 437 гектар тары, 215 гектар қант құмайы, 143 гектар соя, 209 гектар күнбағыс, 2 003 гектар дәндік жүгері, 591 гектар сүрлем жүгері, 1 627 гектар картоп, 6 611 гектар көкөніс, 9 213 гектар бақша, 5 гектар сұлы, 194 гектар мал жемдік асқабақ егілді.
Сонымен қатар, 49 913 гектар ескі жоңышқа, 4 250 гектар күздік бидай тырмаланып, суарылды.
Облыстың шаруашылық құрылымдары күтімге алған 49,9 мың гектар ескі жоңышқаның 2,4 мың гектары тұқымға қалдырылып, бүгінгі күнгі жағдай бойынша орылуға тиісті 47,5 мың гектардың I-ші орымынан 113,5 мың тн жоңышқа шөбі дайындалды, орта өнім гектарына 26,3 цн алынды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
Облыстың шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдық материалдарымен толық қамтамасыз етілген.
2025 жылдың көктемгі егісіне облыс бойынша 22230 тонна (қажетті көлем-21499 тонна) күріш тұқымы, 1100 тонна жаздық бидай, 850 тонна күздік бидай, 46,9 тонна арпа, 1,0 тонна сұлы, 8,7 тонна тары, 32,6 тонна дәндік жүгері, 1,4 тонна күнбағыс, 99,3 тонна мақсары, 8,5 тонна соя, 19,4 тонна сүрлемдік жүгері, 9,0 тонна қант құмайы және 272 тонна жоңышқа тұқымы құйылды.
Құйылған күріш тұқымының 1,1 тоннасы (0,01%) көбейтілген тұқым, 27,8 тоннасы (0,13%) супер элита, 231 тоннасы (1,4%) элита, 5204,5 тоннасы (23,4%) І - репродукциялы тұқым, 11396 тоннасы (51,3%) ІІ - репродукциялы тұқым, 3069,7 тоннасы (13,8%) ІІІ – репродукциялы тұқым, 2300 тоннасы (10,3%) ІV – репродукциялы тұқымды құрады.
Дайындалған 22230 тонна күріш тұқымының 47,4 тоннасы (0,2 %) Маржан, 539,4 тоннасы (2,4 %) Сыр сұлуы, 3 тоннасы (0,01%) Айкерім, 7 тоннасы (0,03%) Айсара, 15298 тоннасы (68,8%) Лидер, 3075,4 тоннасы (13,8%) Янтарь, 210 тоннасы (0,9%) Премиум, 160 тоннасы (0,7%) Виконт, 1860 тоннасы (8,4%) Маршал, 380 тоннасы (1,7%) Каурис, 360 тоннасы (1,6%) Яхонт, 290 тоннасы (1,3%) Патриот сорттары.
Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді дайындау
Ағымдағы жылдың егісіне қажетті 64,6 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың, 74,1 мың литр гербицидтердің 100 пайызы сатып алынды.
Техникалардың дайындығы және жанар-жағармаймен қамтылуы
Шаруашылықтардың қолда бар барлығы 4046 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары толықжөндеуден өткізілді.
(Анықтамалық: 2018 трактор, 503 соқа, 261 тұқым сепкіш, 341 жүк көлігі және 923 трактор тіркемелері)
Облысқа 2025 жылдың көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін 10,0 мың тонна (9 990 тонна) (ақпан – 0,5 мың тонна, наурыз – 3,9 мың тонна, сәуір – 3,6 мың тонна, мамыр – 1,5 мың тонна, маусым – 0,5 мың тонна) бөлінді.
Бекітілген кестеге сәйкес көктемгі егін егу жұмыстарына бөлінген 10,0 мың тн-ға жергілікті операторлар арқылы көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 10,0 мың тоннасына келісім шарт жасалып, 9,5 мың тоннасына қаржысы төленіп, облысқа 8,9 мың тоннасы жеткізілді.
Қазіргі таңда арзандатылған дизель отыны шаруашылықтарға әр литріне 254 теңгеден 7,2 мың тоннасы таратылды.
2025 жылғы 27 маусымдағы Сырдария өзеніндегі судың жағдайы бойынша Шардара су қоймасына жоғарыдан секундына 137 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі 2,3 млрд.текше метрді құрайды. Сырдария өзенінің төменгі ағысына 400 текше метрі (2024 жылы 650 м3) жіберілуде.
Вегетациялық кезеңде егісті сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы су жүйелерін тазарту жұмыстары бойынша шаруашылық аралық каналдардың және ішкі шаруашылық аралық каналдардың 100%-на тазалау жұмыстары жүргізілсе, су құрылыстарының шаруашылық аралық каналдары, ішкі шаруашылық каналдары және насос қондырғыларының,гидробекеттердің 100%жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгін ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың қатысуымен өңірдегі су шаруашылығының мәселелері талқыланған жиын өтті. Оған жауапты сала, құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты.
Министр су шаруашылығының қазіргі жағдайына орай қолға алынған жұмыстарды атап өтті.
"Ғаламдық климат өзгерісіне байланысты су көлемі жыл өткен сайын азайып барады. Бұл орайда су пайдаланудың жаңа мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Заңсыз су алу әрекеттерінің жолын кесу үшін құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысты күшейту керек. Биылғы вегетациялық кезеңде егістікті қажетті суармалы сумен қамтамасыз ету өзекті. Көктемде ауа райы қалыптан тыс жылы болып, вегетациялық кезең ерте басталды. Бүгінде су тапшылығы орын алуда.
Әріптестер, берілген суды ысырапсыз пайдалануға, бекітілген кестеге сәйкес дақылдарды кезекпен суаруға, ауыспалы егіс тәртібін сақтауға қатаң бақылау орнатуымыз керек», - деді Н.Нұржігітов.
Жиында 10 маусымнан қолданысқа енгізілген жаңа Су кодексінің талаптары мен нормаларын іске асыру жолдары түсіндірілді.
Егілген дақылдардың қазіргі жағдайы туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, вегетациялық кезеңде атқарылған жұмыстар жайында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалының директоры Роллан Ахметов баяндады.
Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігі құрған заңсыз су алуды анықтау мақсатындағы мониторингтік топтың жұмыс қорытындылары, бассейндік су инспекциялары мен «Қазсушар» РМК-ның судың «қара нарығына» қарсы іс-қимыл бойынша қадамдық алгоритмі туралы Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Абдықұлов, комитет төрағасы Сейілбек Нұрымбетов сөз сөйледі.
Суару науқаны басталғаннан бері Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы Сырдария өзенінен 1,9 млрд. текше метр су алып, тұтынушыларға 1,5 млрд. текше метрін нақты жеткізіп берді.
Әзірленген су пайдалану жоспарына сәйкес су көзінен магистральді және шаруашылықаралық каналдар арқылы секундына 429 текше метр су алынуы қажет болса, нақты секундына 370 текше метр су алынуда. Су тапшылығы жағдайында егілген егісті шығынсыз алып шығу үшін министрліктің қолдауымен, облыс әкімдігімен бірлескен іс-шаралар қолға алынды. Инспекция мамандары рұқсат құжатын рәсімдеу тәртібі, заң бұзушылыққа жауапкершілік жөнінде жадынама әзірлеп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Биыл облыста 189 585 гектар жерге егін егілді.
Оның, 93 136 гектары - дәндi дақылдар, 5 714 гектары - майлы дақылдар, 73 285 гектары - мал азықтық дақылдар және 17 450 гектары - картоп, көкөнiс, бақша.
Өңірде су үнемдеу технологиялары кеңінен пайдаланылуда. Бүгінде 180 насос қондырғысы жұмыс істеп тұр, әлі де 165 насос қажет. Лазерлік тегістелген күріш алқаптарының көлемі 60 мың гектарға ұлғайды. Ал, су үнемдеу технологиялары пайдаланылған жер 8 100 гектарға жеткізіледі.
Егісті сумен қамтамасыз етуге 3 млрд. 900 млн. текше метр су лимиті бекітіліп, қала, аудандар бойынша бөлініс белгіленді.
Облыста 2025 жылы межеленген егіс көлемдеріне сәйкес, шаруашылықтардың көктемгі дала және егіс егу жұмыстарына қажетті орташа болжамдық қаржы көлемі 40,0 млрд. теңгені құрап отыр.
Оның ішінде қаржыдан шаруашылықтардың өз есебінен 9,5 млрд. теңге, өңдеу кәсіпорындары тарапынан 5 млрд. теңге, «Кеңдала-2» арқылы 23,5 млрд. теңге, басқа көздерден 2 млрд.теңгені құрайды.
Осы қажет қаржының бүгінгі күнге барлығы 35,9 млрд. Теңгесі (89,8%) қаржыландырылды.
Президентіміздің бастауымен ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы оң нәтижесін беруде.
Жоба аясында 2023 жылы өңірімізде 3 млрд. теңгеге 406 жоба, 2024 жылы 2,5 млрд. теңгеге 376 жоба қаржыландырылды.
Нәтижесінде: 2 жылда 1 110 жаңа жұмыс орны ашылды, шағын кәсіпкерлік саны 275 бірлікке артты, 50 өндірістік кооперативі құрылды, өңдеу саласы бойынша 158 кәсіпорны ашылды, 56 жылыжай өндірісі ашылды, 2 676 бас асыл тұқымды мал сатып алынды.
Мал шаруашылығы саласы бойынша шағын несиені асыл тұқымды төрт түлік мал басына бөлуді жөн көріп, жалпы берілген шағын несие көлемі 27 пайызды құрады.
Басымдық ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, кооперативтерді дамытуға және ауыл шаруашылығы емес бизнес жобаларға, оның ішінде өндірістік жобаларға берілді.
Біз әр жобаны іске қосылып соңғы өнім шыққанға дейін сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу мәселесіне де қолдау көрсетудеміз.
«Ауыл аманаты» бағдарламасын тиімді іске асыру барысындағы кепілмен қамтамасыз ету және бизнес ғимаратының құрылысы мәселесі болған.
Осы ретте, жерді өз игілігіне пайдаланып отырған шаруашылықтар елді мекендерді қолдауды өз міндеттеріне алып, халықтың әл-ауқатын арттыруға атсалыcып келеді.
Осының айқын көрінісі ретінде Сырдария ауданы Бесарық ауылында «Абай Дәулет» ЖШС-нің демеушілігімен шағын өндіріс орталық (Бизнес-инкубатор) жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында көлемі 1000 шаршы метрден асатын құны 642 млн. теңгені құрайтын ғимарат құрылысы салынып, жалпы құны 318,2 млн. теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 25 жұмыс орны ашылды.
Осылай, ауыл тұрғындары санитарлық нормаларға сай келетін, заманауи жабдықталған ғимаратта тегін (тек комуналдық төлемдерін төлеу) орналасуға және жобаларын іске асыруға мүмкіндік алды.
Осы ауылдың тәжірибесін кеңінен тарату мақсатында жалпы облыс бойынша биылғы жылы 14 шағын орталық құру жоспарланып, 451,0 млн. теңгеге 72 жобаны іске асыру көзделуде.
Бүгінгі күнге тағы екі ауданда осындай орталықтар ашылды (Шиелі ауданы кент орталығы 6 жоба – 75,6 млн. теңге, Қазалы ауданында - 3 орталық (17 жоба -59,1 млн. тенге).
2025 жылға 5,5 млрд. теңге қаржы қаралып, 815 жобаны іске асыру жоспарлануда. Басымдық өңдеу саласына және кооперативтерге барынша жеке қосалқы шаруашылықтарды тартуға берілетін болады. Бұл бағытта балық, құс шаруашылығын, егін мен мал шаруашылығын дамыту, импортқа тәуелді өнімдерді өз ауылдарымызда өндіруге аса мән беретін боламыз.
2024 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына алғаш рет 5% жеңілдікпен 400 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінді. Несиелер «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бөлініп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары, несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады.
2021 жылдан бастап бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын тікелей жеңілдетілген несиелендіруге 140 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлініп келген. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруға тағы шамамен 40 млрд теңге қарастырылған. Егінді несиелендіруге барлығы 180 млрд теңге бөлінді.
Биылғы жылы қолда бар қаржыландыру көлеміне «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге тарту мүмкіндігі бар. Бұл мақсатқа «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша 300 млрд теңге тартылады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Несие мерзімі – 12 айға дейін. «Кең дала-2» бағдарламасына өтініштер 29 сәуірден бастап қабылдануда.