Егер қаңтардың алғашқы екі онкүндігінде ауа-райы қалыптан тыс жылы болса, үшінші онкүндікте қыс өз дегенін алды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның аумағына жылжып келген, күшті антициклон, температураны климаттық нормадан 8-15º-қа төмен түсірді. Түнгі температура республикада 33-39º дейін, Шығыс Қазақстанда кей жерлерде 41º дейін, оңтүстік облыстарда 23-34º аязға дейін төмендеді. Жақын арадағы үш тәулікте Қазақстандағы антициклон, сонымен бірге болған аяз да әлі сақталады. Тек 29 қаңтарға қарай антициклон біртіндеп Алтай жаққа жылжиды, сонда аяз да бәсеңси бастайды.