Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА 24 062,4 МЛН.ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ


Жыл басынан бері Өңдеуші өнеркәсіп саласында 24 062,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 96,7% құрады.
Оның ішінде:
Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша 235,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 74,1%. Оның ішінде,киім өндіру 53,1 млн. теңгені өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 73,8% құрады, тоқыма бұйымдарын өндіру 182,2 теңгені немесе 74,2% орындалды.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 4 632 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 95,4% құрады.
Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 796,9 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 88,2% құрап отыр.
Резеңке және пластмасс бұйымдары өндірісінде 283,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 105,1% орындалып отыр.
Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде 6 659,3 млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 127,5% құрап отыр.
Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар) саласы бойынша 3 136,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 71,5% орындалып отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: