Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шемішке шағып айыппұл төледі

Шемішке шағып айыппұл төледіҚұқық бұзушы К.У.Мамытов 11 ақпан 2015 жылы Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесінде шемішке шағып, шаққан шемішкесінің қалдығын жерге тастап, осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы К.У.Мамытов кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.
Сот қаулысымен 20 ақпан 2015 жылғы К.У.Мамытовқа Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 19 820 теңге айыппұл салынды.      
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: