Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ТҰМАНДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕНДЕР ТАБЫЛДЫ

АРАЛДА ТҰМАНДА ЖОҒАЛЫП КЕТКЕНДЕР ТАБЫЛДЫАрал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының  кезекшісіне шұғыл хабар түсті.
Қамбаш ауылының тұрғыны М.Төреханов ауыл тұрғындарының жеке малдарын бағып кеткен 1954 жылы туылған нағашы ағасы, 2005 жылы туылған және 2007 жылы туылған екі баласымен қалың тұманда адасып кеткендігі жөнінде хабарлады. 
Өзі іздеуге шыққанда жайылып жүрген малдарды тапқан, ағасы мен балдары болмаған. Хабар түскеннен кейін 3 құтқарушы 1 бірлік техникамен іздестіру құтқару жұмыстарын жүргізуге шықты. Құтқарушылар іздестіру құтқару жұмыстары барысында қалың тұманда автокөліктің белгі беру және  қатты дыбысты құрылғысын қосып жүрді. Нәтижесінде сол күні кешкі сағат 18.00 шамасында Қамбаш ауылынан 15 шақырым қашықтықтағы жерде жоғалған адамдар табылды. Барлығы аман-есен, балаларында шамалы қорқыныш үрейленген. Құтқарушылар оларға алғашқы көмек көрсетіп Қамбаш ауылына жеткізіп, туыстарына табыстады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: