Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сәпиев неге декреттік демалысқа шыққанын түсіндірді

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев не үшін төрт айғанеге демалысын алғанын түсіндірді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.
20 тамызда Серік Сәпиевтің бала күтімі бойынша төрт айға демалыс алғаны белгілі болған еді.
Бұған дейін Telegram-дағы Yedilov online арнасында Сәпиевтің ұсталғаны туралы қауесеттер мен болжамдар жалған екенін жариялаған болатын.
Серік Сәпиев бұл қауесеттер туралы хабардар екенін айтты.
«Мені ұстады деген ақпарат қайдан шыққанын мүлде түсінбеймін. Еңбек демалысында жүрсем де жұмыс істеп, бұқаралық спортты дамытып жүрмін. Көбі декреттік демалысқа шығатынын білемін, неге маған ғана назар аударылып жатқанын түсінбедім. Бәрі жақсы», – деген Сәпиев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: