Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкерлер палатасы кәсіби бағдар береді

Кәсіпкерлер палатасы кәсіби бағдар бередіҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірге облыс мектептері оқушыларының арасында кәсіби бағдар беру шараларын жалғастыруда. Бұл жайында Қызылорда облысының  кәсіпкерлер палатасының  баспасөз қызметі мәлім етті.
Өзінің қызметі, мамандықтар мен кәсіптерінің ерекшеліктері туралы айтуға дайын мекемелердің бірі – облыстық телекоммуникация дирекциясы. Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-11 сынып оқушылары аталмыш мекеменің кезекті қонағы болды. Оқушылар iD Center-де болып, телекоммуникация саласындағы заманауи, сұранысқа ие мамандықтар жөнінде мағлұматтар алып, жаңа технологияларды пайдалану арқылы қалай өмір сүру сапасын жақсартуға болатындығымен танысты.
Мекеменің қоғаммен байланыс маманы Рыскүл Тәжиева оқушыларға компанияның тарихын, қазіргі уақытта жүзеге асырып жатқан жобаларын айтып берсе, комнаияның менторлары ақпараттық телекоммуникациялық қызметтерді таныстырып шықты. Мәселен, келушілерге тиісті жағдай жасау үшін ID Center бес функционалдық сараланымға бөлінген - "Ақылды үй", "Интеллектуалды офис", «Интернет-кафе», «Медиа-стена» және «Конференц-зал». 
iD Center - негізгі мақсаты тұрғындардың «Қазақтелеком» АҚ жоспарлап отырған жаңа технологиялар, қызмет көрсетулер мен сервистер туралы ақпараттандырылуын арттыратын бірегей жоба.
«Бүгін біз интернет желісі және «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметтері туралы көптеген мәліметтер ала алдық. Әсіресе, бізді «iD Net» жоғары жылдамдықты интернет желісінің қызметі қызықтырды», - дейді оқушылар. 
Таныстырылым қорытындысымен мекеме қызметкерлері оқушыларға жаңа ақпараттық технологиялық саласына қатысты интеллектуалдық ойындар ұйымдастырып, белсенді қатысушыларға «Қазақтелекомның» атынан сыйлықтар табыс етті.                                                                                            

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: