Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ «Жазда тамақтан улану: не істеу және қалай болдырмау керек?» тақырыбында семинар өткізілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Іс-шара облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы өкілдерімен бірлесе отырып өткізілді. Өз баяндамасында эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маман дәрігер-эпидемиолог А.Әбжәмиева уланудың алғашқы және типтік белгілерін, улануды жиі тудыратын тамақ өнімдерін атап шықты.
Жуылмаған көкөністер немесе жуылмаған жемістер – улану себебі жазда көбінесе саяжайда, сеуілге шыққанда болады.
Сондай-ақ, облыс бактериялық тағамнан улану тіркеу жағдайларда бірінші болып келеді, осы кейбір жәбірленушілердің өздері кінәлі болып табылады деп өкілдері атап өтті.
№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Нұржаубаева қызметкерлерге тоңазытқыштың өнімдерін өндіру және жарамдылық мерзімі күнін үнемі тексеруді еске салды. «Майонез қосылған дайын салат сатып алмаңыз: олар өте тез бұзылады. Пісірілген тағамдар тоңазытқышта үш күннен астам сақталмауы тиіс», – деді ол сөзінде.
Қорытындылай келе, санитарлық-эпидемиологиялық станциясының өкілдері өрт сөндіру ұжымына ұсынымдар беріп, әр түрлі сұрақтарға толық жауап берді.