Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр бойынан көктемде 700 сарбаз әскерге аттанды

Сыр бойынан көктемде 700 сарбаз әскерге аттандыЕгемен еліміздің айбынды әскерінің қатарына Сыр өңірінен биыл көктемде 700-ден аса азамат аттанады. Солардың бір легін бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шығарып салып, сәт-сапар тіледі.
Қазір әскерге шақырылушыларға қойылар талап күшейді. Олардың денсаулықтары құрыштай берік болуы шарт. Біліміне де барынша назар аударылуда. Бұл дегеніміз жаңа буынның сарбаздары жоғары әскери дайындықта болады деген сөз.
- Сіздер ер жетіп, бүгін әскер қатарына аттанғалы отырсыздар. Ел тыныштығын күзету - азаматтық борыш. Қазір заман тыныш. Алайда, бұл Отан күзетіндегі жауынгердің жауапкершілігін жеңілдетпейді. Алаштың анасы - Сыр елінің бүгінгі жастары алған тәлім-тәрбиесі, білімі мен өмірлік тәжірибесінің арқасында мерзімді әскери қызметін жоғары жауынгерлік деңгейде атқаратынына сеніміміз мол. Осыған орай, мен Сіздерге үлкен сенім артып «Аманат» жолдап отырмын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Әскери борышын өтеушілердің барлығына облыс әкімінің атынан Қадыр Мырза Әлінің «Алмас жерде қалмас» кітабы табыс етілді. Сонымен қатар, әскерге аттанушы сарбаздардың ата-аналары да ақ жол тілеп, Отан алдындағы борыштарын аман-есен өтеп қайтуға тілектестіктерін білдірді. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ақ батасын беріп, сәт-сапар тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: