«ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» ЖШС ТАРАПЫНАН ҚАЛА ҚӨШЕЛЕРІНІҢ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНА САЙ БОЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР КҮНДЕЛІКТІ АТҚАРЫЛУДА.
Осындай шаралардың бірі 23 тамыз күні қалалық кәсіпкерлік бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі, жергілікті полиция қызметі, «Қызылорда тазалығы» мекемесі мамандарының қатысуымен «Жаңа базар» аумағында ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде кейбір жеке кәсіпкерлер берілген ескертулерге қарамастан, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарды қоқыс тастауға белгіленбеген орындар мен көшелер бойына немесе қиылыстарына шығарып қоюды әдетке айналдырған.
Осындай заңсыз әрекеттердің орын алуын болдырмау мақсатында түсіндірмелік бағытта ұйымдастырылған шара барысында заңды тұлғалармен қоқыс шығару қызметіне келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізілді. Айналасын қоқыстан тазартпай отырған кәсіпкерлер қатаң ескерту алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасын табатын болады.