Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Мен және менің полицейім» акциясы өткізіледі

«Мен және менің полицейім» акциясы өткізіледіҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 27-29 қазан аралығында республика көлемінде «Мен және менің полициім» атты акциясы өткізіледі.
Оған бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, прокуратура, білім беру, әділет органдарының, ата-аналар комитеттерінің, «Нұр Отан» партиясы жастар қанаты филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатысады. 
Акцияның мақсаты – балаларды, олар арқылы ересектерді полицияның жұмысымен таныстыру, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне баулу, жол ережелерін үйренуге шақыру болып табылады.
Шара барысында оқушыларды патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында департамент мұражайына, қала тынысын бейнебақылау камералары арқылы бақылау үшін Жедел басқару орталығына экскурсиялар ұйымдастырылып, «Собр» жедел қимылдайтын жасақ қызметкерлерінің, кинолог мамандар мен иісшіл иттердің жұмысы таныстырылатын болады. Сонымен қатар, жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметтік автокөліктерімен және «ГАЗель» автокөлігінде орналасқан жылжымалы криминалистикалық зертхананың жұмысымен таныстыру жоспарланвп отыр.
Акция барысында бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі мекемелердің жоғары топ тәрбиеленушілері үшін «Полиция – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесулер, дәрістер және тематикалық ойындар өткізіледі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: