Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«100 миллион пікір жинаймыз»: Нұрлан Қоянбаев Instagram-да әлемдік рекордты жаңартты

Еске сала кетсек, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев 7 шілде күні Instagram-дағы парақшасында 20 миллион пікір жинауды мақсат етіп, көк байрағымыздың суретін жариялаған болатын, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап, әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 пікірден қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік! Биікте самғасын көк байрағымыз!» деп жазды ол.
Содан бері 3 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында мемлекеттік тудың суретіне 10 миллион 113 мыңнан астам пікір жиналған. Осылайша, Нұрлан Қоянбаевтың жасаған рекорды алдыңғы әлемдік рекордтан да асып түсіп отыр.
Енді ол осы суретке 100 миллион пікір жинап, тағы да рекорд жаңартамыз деген ұстанымда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: