Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда жаңа балабақша ашылды

Қазалыда жаңа балабақша ашылдыҚазалы ауданы 6-шілде Астана күні мерекесі қарсаңында тағы бір жаңа балабақшамен толықты. Жанқожа батыр ауылында ашылған 90 орындық бұл «Жауқазын» балабақшасы «Балапан» бағдарламасы аясында салынған. 
Көпшілікті қуанышқа бөлеген салтанатқа облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, аудан әкімі Н.Шамұратов келіп, құттықтау лебіздерін білдірді. Бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, сыйлықтар үлестірді. 
Балабақша құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Жалпы, ғимарат барлық талапқа сай жасақталған. Мұнда балалар бірнеше тіл үйреніп, түрлі үйірмелерге қатыса алады.
Сондай-ақ, 30 жуық ауыл тұрғыны жаңа балабақшада қызмет етеді.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: