Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«СЫРДАРИЯ» ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНДЕ ҮЙІРМЕЛЕР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ


Қызылорда қаласындағы «Сырдария» тынығу лагері балғындарға керемет көңіл-күй сыйлау үшін бірқатар танымдық үйірмелер ашуды қолға алған.
Мәселен, «Ақылды спорт»үйірмесі жұмыс жасамақ. Онда тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, арқан тарту, алтыбақан секілді ұлттық ойындар үйретілмек. Сондай-ақ, «Этноауыл» ұлттық орталығы қызмет етеді. Екі киіз үй тігіледі. Оның ішіндегі «Ұлттық бұйымдар» және «Шебер қолдар» үйірмесі арқылы ұлттық дәстүрлер мен құндылықтар жайында терең мәліметтерге қанығады. Кәсіпкерлерді тарту арқылы лагерь аумағында батуттар, планетарий орнатылады. Бұл игі істің барлығы – балғындар үшін жасалмақ. Олар осылай балалықтың бал дәмін сезіне білмек.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: