Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аптап ыстықта – бала қауіпсіздігі басты назарда

Аптап ыстық күндері Қызылорда облысы Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық акция ұйымдастырды.



Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Акция барысында тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ата-аналарға және бүлдіршіндерге балмұздақ ұсынып, олармен еркін форматта әңгімелесті. Сонымен қатар, балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеде сақ жүру, су айдындарында қауіпсіздік талаптарын орындау, сондай-ақ аптап ыстық кезінде денсаулыққа мұқият қарау жөнінде қарапайым әрі маңызды кеңестер берілді.

Қызметкерлер ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмаудың, олардың бос уақытын бақылауда ұстаудың және қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Ұйымдастырушылар жазғы демалыс кезінде әрбір баланың қауіпсіздігі – барша қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Полицейлердің бұл игі бастамасы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, ата-аналардың да оң бағасына ие болды. Мұндай профилактикалық шаралар полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, халықпен тиімді байланысты дамытуға ықпал етеді.

Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарды жаз мезгілінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, жол қозғалысы ережелерін орындауға және аптап ыстық кезінде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: