Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

14 шағын аудан, 2 млн шаршы метр тұрғын үй


Өткен жылы Қызылорда облысы тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары сияқты «миллиондық» аймақтардың алдына шықты. Салыстыру үшін айтсақ, мәселен, 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асып түсті. Облыс орталығында соңғы жылдары 14 жаңа шағын аудан пайда болды. Облыста 5 жыл ішінде 2 млн шаршы метр тұрғын үй берілді.
Қызылорда қаласында апатты жағдайдағы үйлер тұрғындарының мәселесі шешіліп, 309 отбасы апатты үйдің орнына жаңа, жайлы пәтерге ие болды. Жалпы 2013 жылдан апатты үйден жаңа пәтерге көшкендер саны 500-ден асты.
Соңғы жылдары салынған 200 денсаулық сақтау, білім, спорт және мәдениет нысанының барлығы халыққа қызмет көрсетуде. Құрылыс саласының қадамына тұсау салатын мәселе – «сақалды құрылыстар» десек, аймақта 2013 жылға дейін миллиардтаған қаржы бөлініп, тоқтап қалған 34 ірі әлеуметтік нысан болды. Былтыр олардың барлығы да аяқталып, пайдалануға берілді. Мектептерде 3 ауысымда оқу мәселесі шешімін тапты. Апатты жағдайдағы 37 мектептің мәселесі түбегейлі шешілді. Әрине, ескінің тозуы – табиғи құбылыс. Тозығы жеткен білім ошақтарын жаңалау олардың апатты жағдайы дәлелденген бойда қолға алынуда.
Денсаулық сақтау саласында салынған 57 нысанның 49-ы апатты жағдайда еді. Шалғай ауылдарды денсаулық сақтау нысандарымен жабдықтау 2015 жылы 43% көрсетсе, өткен жылы 76,5%-ке жетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: