Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ КӨЛДЕРГЕ ЖІБЕРІЛДІ

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ КӨЛДЕРГЕ ЖІБЕРІЛДІЖаз бойы суға толып тұрған каналдардың табаны бүгінде кеуіп қалған. Себебі, егінге қажетті сумен қамтамасыз етілгеннен кейін су беру маусымы аяқталады. 
Егін жинау науқаны басталғанда шлюздер жабылып, күріштіктегі сулар тартылады. Осы шақта каналдардағы су бөлініп, ондағы балық шабақтарының қырылып қалу қаупі бар. Оның алдын алу мақсатында жыл сайын акция ұйымдастырылып, балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізіледі. Мұндай игі шара биыл да жалғасын тауып, сусыз тіршілік ете алмайтын шабақтар аудан көлеміндегі айдын көлдерге жіберілді.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» МКК қызметкерлері және табиғат пайдаланушылармен біріге отырып, Сырдария ауданындағы А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Шаған және Қоғалыкөл ауылдарындағы егістік жерлерден шабақтарды аулап, құтқару жұмыстарын жүргізді. Акцияға «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен» 3 арнайы құтқару тобы құрылып, аталмыш ауылдарда каналдарда қалған шабақтарды құтқарды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: