2015-2018 жылдар аралығында Қызылорда қаласынан автовокзал және Шиелі мен Жосалы кенттерінде автостанция құрылыстары салынады. Бұл жөнінде "Сыр медиа” ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында журналистермен жүздескен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов жан-жақты айтып берді.
Осының ішінде Шиелі кентіндегі автостанция құрылысы бүгінгі күндері басталып та кетті. Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында ауылдық округтерден 34 жолаушыға қызмет көрсету пункті мен аудан орталықтары мен Қызылорда қаласынан 42 такси тұрағын салу да жоспарланып отыр.