Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА – ӨЗ ҮЙІҢ!

ҚАЛА – ӨЗ ҮЙІҢ!Қызылорда қаласында бүгінде заманауи, жаңа үлгідегі 119 аялдама орнатылған. Олардың әрбірі түрлі ақпараттық-танымдық тақырыпта (қазақтың ұлы тұлғалары, тарихи оқиғалар, қанатты сөздер және электронды кітапханаға сілтеме көрсетілген) безендірілген. 
Қызылорда қалалық әкімдігінің хабаралуынша, алдағы уақытта аялдамаларға қоғамдық көліктердің бағыттарын айқындайтын тақтайшалар орнату қолға алынуда.
Дегенмен, бір өкініштісі кейбір қала тұрғындары туған қаламызға жанашырлық танытудың орнына, осындай аялдамарды бүлдіріп мына көріністегідей әрекеттерге баруда.
Сүйікті қаламыздың одан әрі өсіп-өркендегенін қаласаңыз, әрбір жасалған дүниеге жанашырлықпен қарайық.
– Құрметті қала тұрғындары! Туған қаламызға деген қамқорлығымызды өз ісімізбен дәлелдейік. Тек аялдамаларды ғана емес, қала тұрғындарына ортақ кез-келген мүлікті бүлдірген бұзақыны бірге анықтап, оларды тәртіпке келтіруге шақырамыз. 
Бұзақылықтың куәсі болсаңыз дәлелді материалды #меніңқалам хэштегімен жолдап, қаламыздың келбетіне кесірін тигізгісі келетіндермен бірге күресейік! – делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: