Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада төтенше жағдай талаптарын сақтамаған 241 адам анықталды

Қызылордада төтенше жағдай талаптарын сақтамаған 241 құқық бұзушы анықталды.


Бүгінгі таңда енгізілген төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 241 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Әкімшілік кодекстің 476-бабымен- 182, 488-бабымен - 59 құқық бұзушылық анықталды.
Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 18 азаматқа айыппұл салынса, 97-сі әкімшілік қамауға алынды.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізіліп, арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратылған 1 дерек анықталып, ол бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) Байқоңыр қалалық сотының шешімімен құқық бұзушыға 30 (отыз) тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.
Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: