Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада есірткі затын сақтаған 54 жастағы азаматтан тіркелмеген қару тәркіленді

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 54 жастағы тұрғынның үйін тексеру барысында 2-дана полиэтилен пакетке салынған ерекше иісі бар шөп және тіркелмеген қару анықталды.


Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 367 гр. «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, заңсыз қару сақтағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: