Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда есірткі затын сақтаған атыраулық қолға түсті

Патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді.
Аталған шара барысында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» тас жолында Қазалы ауданы тұсында жол ережесін бұзған автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушіден қағазға оралған ерекше исі бар, шөп ұнтақтары «қарасора» алынды.
Автокөлік жүргізушісі 33 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.
Бүгінгі күні күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: