Аралда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.
Оның ішінде Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС бар. Сондай-ақ, ауданнан 2192 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортқа шығарылды. Алдағы уақытта, балық шаруашылығын дамыту бағытында «Ақшатау Сорғақ», «Шөмішкөл», «Домалақ» көлдерінде су шаруашылығы нысандарын салу үшін жобалық – сметалық құжаттамасы әзірленуде.