Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл Қызылорда қаласында 167 шақырым жол жөнделеді

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 167 шақырымды құрайтын Қызылорда қаласы мен аудандарға қарасты елді-мекендердің көшелерін жөндеуге 4,6 млрд теңге бөлінді. 


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пакуатдин Шамұратов хабарлады.
-Бүгінде ауылдық елді мекендердің ішкі көшелері мен жолдарын жақсартуға ерекше мән берілуде. Сәйкесінше, биыл 167 км құрайтын қала мен аудандарға қарасты елді мекендердің ішкі көшелері жөнделіп, бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде нақты жобалар ұсынылады. Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 8 жоба қарастырылды, - деді басқарма басшысы Пакуатдин Сыражадинұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: