Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Димаштың әніне биледі: Элизабет Тұрсынбаева Бурабайдағы мұз үстінде сырғанады

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Ақмола облысындағы Бурабай курорты көлінде қатып қалған мұзда әдемі би биледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны спортшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Элизабет Бурабайға алғаш рет барып, "уақытты пайдалы өткізгенін" атап өтті.
"Кеше тұңғыш рет Бурабайға барып қайттым. Тұмса табиғаттың көркін тамсанумен бірге уақытты жақсы өткіздім. Армандарымның бірі орындалды: мен көлде Димаш Құдайбергеннің "Біл" әнінің сүйемелдеуімен би биледім. Кейінгі кезде сол ән санамда сайрап тұратын болыпты", - деп жазды мәнерлеп сырғанаушы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: