Арал ауданында 18-19 қаңтар аралығында 21 ауылдық округ пен Жақсықылыш және Сексеуіл кентінің, Арал қаласының әкімдері өздерінің жергілікті қоғамдастық алдында есептерін берді.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қоғамдастық кеңес туралы» заңға сәйкес әкімдердің есеп беру ережелерінде де өзгерістер бар. Кездесуде алдымен жергілікті әкім мен учаскелік полиция қызметкері 1 жылдық атқарған шаруаланынан хабардар етті. 2015 жылы атқарылған ауқымды шараларды сарапқа салып, келер жылдың жоспарымен таныстыруды көздеген есепті кездесу барысында тұрғындар әкімдерге көкейтесті сауалдарын жолдап тұщымды жауаптар алды.