Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Адам саудасымен айналысқан бойжеткен жазасын өтейді

Адам саудасымен айналысқан бойжеткен жазасын өтейді Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігі «а,з» тармақтарында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
Сотталушы А. өзіне шығарылған үкімге келіспей, облыстық соттың апелляциялық сот алқасына шағым түсірген болатын.
Іс материалдарына сәйкес, азаматша А. 2014 жылы қыркүйек айының 30-ы күні алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, адамның құқықтары мен бостандықтарына қол сұғып, адамды жезөкшелікке пайдалану мақсатындағы іс-әрекетке барған. Өзінің сыбайласымен бірге қала орталығындағы көшелерде келе жатып, сыбайласының танысын кездестіреді. Алдын-ала сөз байласқан қылмыскерлер жәбірленуші Т.-ны 50 000 теңгеге сататын болып келіседі. Сотталушы А. Т-ға «Баратын жерің жоқ болса, менің әпкемнің үйінде уақытша жүре тұрарсың, үйін жинап отырсаң болды» - деп алдап, Жаңақорған ауданына бару үшін автовокзал маңына келген. 
Жаңақорған кентіне алып барып, адам сатып алушы Н-ның жұмыс орнына барып, оған сатылатын адамды көрсетіп, өздерінің шартын аяқтау мақсатында Н-ның үйіне жеткізген. Т-ны сатып берген кезінде жүргізілген жедел іс-шара нәтижесінде тергеуден бой тасалап жүрген екі сыбайлас құрықталған.      
Сотталушы А. бұған дейін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 132-бабы 1-бөлігі 133-бабы 2-бөлігі «Д, И» тармақтарымен, 271-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен сотты болатын. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 70-бабымен 3 жыл 10 ай 27 күнге жазаны өтеуден мерізімінен бұрын шартты түрде босатылған. Алайда ол жасаған қылмыстық әрекеті сабақ болмай, өзінің бұрынғы «кәсібіне» қайта барған.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен аудандық соттың үкімі өзгеріссіз, ал сотталушының шағымы қанағантандырусыз қалдырылды. Енді адам саудасымен айналысқан бойжеткен жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: