Басқа адамның атынан онлайн несие рәсімдеп алған адам ұсталды
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 26 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, 15 сәуір күні белгісіз адам, атынан 1 миллион онлайн несие рәсімдеп алған.
Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 41 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2 бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.