Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 765 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТҰРАДЫ

2016 жылдың  1 қантарына қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала деректер бойынша) – 765,2  мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 333,8 мың, ауыл халқы – 431,4 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  43,6%, ауылдықтар үлесіне – 56,4% тиесілі.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында облыста туылғандар саны 19787 адамды құрады, бұл 2014 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  775 адамға азайды. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,54-тен 26,06-ға азайған.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында облыста  өлім көрсеткіші 4405 адамды  құрап, 151  адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айында  4556 адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,10-дан 5,80-ге азайған. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (23,3%).

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: