Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫАрал ауданында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVIII аудандық байқауы өтті. 
Байқауға қатысушылар байқаудың үш номинациясы бойынша өз өнерлерін көрсетті. Аудандық байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде олардың: көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне назар аударды. Байқауға аудан көлеміндегі 12 мектептен талапкерлер қатысты.
Байқау жеңімпазы болып №62 мектептің 10 сынып оқушысы Нұрланова Айсауле атанса, ІІ орнын №71 мектептің оқушысы Рзағазиева Ақгүл және №65 мектеп оқушысы Әбдразақова Жұлдызай иеленсе, ІІІ орынды №260 мектеп оқушысы Тұлпаров Дәурен және №2 санаториялық мектеп интернат Рахманова Гүлзат иеленді. Сарапшылар алқасы қатысушылардың өнерлерін қарап, нәтижесін хабарлай отырып, байқауда жүлделі орындарға ие болған жүлдегерлер қазылар алқасының шешіміне сәйкес, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен, алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаз Нұрланова Айсауле Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауына жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: