Елордада қараша айының 14-15 күндері медиасауаттылық бойынша «True or False» республикалық чемпионаты өтті. 14 пен 29 жас аралығындағы 150-ден астам жас қатысты.
Олар киберқауіпсіздік, медиасауаттылық, IT, журналистика саласындағы жетекші сарапшылардан дәріс тыңдады. Сонымен қатар, өзара бақсынасып, үздіктерді анықтады. Аталған шараға Сыр елінің жастары қатысып, «Үздік команда» номинациясын жеңіп алды.
-Ғаламтор сан алуан ақпаратқа толы, оның қайсысы дұрыс, қайсысы жалған екенін, қай ақпарат шынайы екенідігін айыра білу қажет. Осы орайда сыни ойлау мен медиасауаттылық көмек береді. Әсіресе жастар үшін бұл өте маңызды. Сол себепті де Сыр жастарының арасынан белсенді деген бес жасты іріктедік. Чемпионатқа 20 команда қатысты. Тренингте фактчекинг, fakenews немесе fake туралы мағлұмат алып, тәжірибе жинақтады,-деді Қызылорда облыстық "Жас Ұлан" ББЖҰ қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлайым Ақмырзаева.