Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада көші-қон заңын бұзғандар елден шығарылды

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлері шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алған заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көру мақсатында біршама нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Жыл басынан бері көші-қон полициясы құрылымдарының қызметкерлерімен облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 4 мың 79  шетел азаматтары тіркеуге алынды. Алайда олардың 987-сіне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 30 шетел азаматы сот шешімімен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды. Ал республика төңірегінде шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін, шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзуға жол бергені үшін 94 жергілікті тұрғынға тиісті шаралар көрілген.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы «ҚР еңбек көші-қондылығы» туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, жеке тұлғаларда жұмыс жасау үшін шетелдіктерге рұқсат берудің жеңілдетілген тәртібі белгіленген болатын. Аталған Заң үш айдан аз емес мерзімге Қазақстан Республикасымен визасыз кіру және болу тәртібі бойынша келісімшарттар жасаған ТМД елдерінің азаматтарына қатысты. 
Жеңілдетілген тәртіптегі рұқсаттар шетелдіктерге тек жеке тұлғаларда жұмыс жасауға беріледі. Оның ішінде, үй құрылысы және жөндеу жұмыстарын  жүргізуге, бала бағу, аспаз  және басқа да үй шаруашылығы  қызметін көрсету үшін қарастырылған. 
Үй шаруасына пайдалану үшін бір азаматтың бес еңбекші мигранттарына дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. 
Рұқсат берілетін және ұзартылатын мерзім шетелдіктің қалауы бойынша – бір, екі немесе үш айға дейін белгіленеді және әр айға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (3,964 теңге) жеке салық төлемдері алдын ала жасалады. 
Рұқсат алу үшін еңбекші мигранты Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері  бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
1) рұқсат беру туралы өтініш, сауалнама (түпнұсқасы);
2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек (түпнұсқасы мен көшірмесі);
3) жеке басты куәландыратын құжат – анықтамалық деректері бар беттердің және Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар парақтың түпнұсқасы мен көшірмелерін; 
4) көші-қон карточкасын;
5) соттылығының бар не жоғын растайтын құжат – (түпнұсқасы);
6) жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың түпнұсқасын. 
Аталған жұмыстар әрі қарай өз жалғасын тауып, осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі атқарылатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: