Қызылордада адам саудасына қатысты 18 қылмыс дерегі ашылды
Ағымдағы жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады.
Шара барысында Қызылорда ОІІД қызметкелерімен ҚР ҚК-нің 309-бабы, яғни жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық дерегі бойынша 3 қылмыс дерегі анықталды. Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында 4 жезөкшелікпен айналысып жүрген жеңіл жүрісті тұлғалар анықталды. Айта кетерлік жайт, департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан адам саудасына қатысты 18 қылмыс дерегі ашылды.