Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №15 мектеп-лицей базасында «Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы» тақырыбында қалалық педагогикалық оқу өткізілді.
Бұл шара Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, тіл білімінің атасы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиі емлесінің ерекшеліктерін меңгерту мақсатында қолға алынды.
Шараны білім бөлімінің әдіскері Р.Мұхашова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Педагогикалық оқудың өткізілу барысында баяндамалар тыңдалып,
қатысушылар өз пікірлерін білдірді. Педоқу қорытындысында жеңімпаз атанған №211 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Тұрсынбай мен № 112 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұ.Джорабекова 2018 жылғы 4 қаңтарда өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.