Қызылордада тұрғындарды 2 млн теңгеге алдап соққан әйел қолға түсті
27 шілде күні Қызылорда облысы Полиция департаментіне 51 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны алаяқтық ісі бойынша арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, азаматша «несие алып беремін»-деп 550 000тг көлемінде қомақты ақша алып, алдап кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының барысында, 48 жастағы Сырдария ауданының тұрғыны ұсталды. Сонымен қатар, күдікті азаматшаның бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.