Жосалы кентіндегі орталық кітапхана «Нұр Отан» пар¬тиясының аудандық филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай «Рәміздер тәуелсіздік тұмары» танымдық шарасын өткізді.
Танымдық сағатқа қатынасушыларға кітапханашы А.Қарашаева «Туы биік, мәртебесі жоғары Қазақстан» атты кітап көрмесімен таныстырса, кітапхананың әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г. Төлегенқызы «Алматыкітап баспасынан» қараша үй түріндегі үш тілде шыққан «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітаппен таныстырды. Оның алғашқы беттерінде «Мемлекеттік рәміздер» берілген. Шарада сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К. Раева, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жәкеев, рәміздер жайлы ой өрбітіп, еліміздің көтерген туы жығылмай, асқақтаған әнұраны әрдайым жарқын шырқала берсе екен деген тілек білдірді.